Жөндеу жұмыстарына мамандар таңдау: практикалық кеңестер
2015-07-28 11:25:00
160
Мазмұны:
1. Қандай мамандарды іздеу керек?
2. Қайдан іздеу керек?
3. Тексеріңіздер және қадағалаңыздар
Бәрімізге уақыт өте келе жеке меншік пәтеріміздің жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туады. Бірең-сараң майда-шүйде жұмыстарды өз күшімізбен жүзеге асыруымызға мүмкіндік бар, бірақ кейбір жағдайларда білікті мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Егер өз істерінің шеберлері кездессе жұмыс сапасы мен уақыты көңіл қуантарлық нәтиже көрсетер еді. Ал егер олай болмаса жүйке ауырту , қаражат шығыны және уақытты ысырап етуге тап боламыз. Шынында, білікті мамандарды таңдап алу – істелетін жұмыстың 50%-ын құрайды деп айтуға әбден болады.
Қандай мамандарды іздеу керек?
Бұл сұраққа екі түрлі жауап беруге болады: жеке меншік мамандар немесе кәсіби ұйымдар. Әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Жеке меншік мамандар
Жеке меншік мамандарды таңдау кезінде жөндеу жұмыстарына кететін қаражат мөлшерін біршама азайтуға болады. Оған есепші мен бастықтың қажеттілігінің аз екені барлығына мәлім. Бір сөзбен, жеке меншік мамндардың үстеме құны бағалау кезінде келеңсіз орын алады.
Бұл нұсқаның кемшілігі оның сенімсіздігі болып табылады. Ол маманның бұрын кім болғаны, тәжірибелілігі, моральдық сипаты жағынан қандай екендігі белгісіз болып қала береді. Белгілі уақыт өткен соң ол адамды тауып жөндеу жұмыстарындағы келеңсіздіктердің орнын толтыруды талап ете аламыз деген кепіл жоқ.
Жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіби ұйымдар
Кәсіби ұйымдардың көрсеетін қызметтерінің сапасы жеке меншік мамандардың жұмысына қарағанда әлдеқайда жоғары. Олардың әртүрлі жұмыстың саласына байланысты бейімделу ортасы да болады. Барлық салада бірдей жұмыс жасай алатын білікті маманды табу өте қиын. Жөндеу жұмыстарына маманданған кәсіпорындарда міндетті түрде сылақшылар, электриктер, ағаш шеберлері және басқа да сала мамандары болады. Беделді кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарының жобасын қағаз бетіне түсіретін өз дизайнерлері бар.
Бұндай мамандарды жалдаудың кемшілігі көрсетілетін қызмет бағасының қымбаттығы. Барлығы мүлтіксіз орындалсын десек үстеме төлем жасау артық болмайды.
Қайдан іздеу керек?
Келесі қадам мамандарды іздеу. Бұл қадамға дұрыстап көңіл бөлу қажет. Іздеу жұмыстарын жеңіл әрі ыңғайлы ету үшін ақпарат көздерін жіктеп алған дұрыс.
Баспасөз беттерінде жарияланған хабарландарулар
Баспасөз беттерінен қарастыру ең оңай жол. Ол үшін дүңгіршектерден хабарландырулар жарияланатын баспасөз шығарылымын сатып алу жеткілікті. Бірақ абай болған жөн, себебі қандай маманды жалдағалы жатқаныңыз сізге беймәлім болып қала береді.
Ғаламтор беттеріндегі хабарландырулар
Ғаламтор беттеріне өз хабарландыруларын біршама елеулі мамандар шығарады. Егер кәсіпорын немесе жеке маман ғаламтор беттеріне жеке вебсайтын немесе блогын жарияласа онда олар бұл бизнес түрімен шындап айналысуға бел буғандығын білдіреді. Алайда, бәрібір таңдау жасау оңай емес. Халықтың пікірлерін оқып біржақты шешім қабылдауға болады.
Таныстар арқылы іздестіру
Бұл тәсіл ең сенімді тәсіл түрі болып табылады. Әрқайсымсыздың жөндеу жұмыстары жөнінен тәжәрибесі бар таныстарымыздың бар екені күмәнсіз. Оң көзқарасты тәжірибе жақсы мамандармен қалай хабарласып және олармен келісім жүргізуге септігін тигізеді. Ал жағымсыз көзқарасты тәжірибе қаражат шығынынан, қателеуден сақтайды.
Тексеріңіздер және қадағалаңыздар
Мамандарды таңдап болған соң, жұмысты бастау уақыты келеді. Ол өте маңызды кезең. Барлығын санап, қадағалап отыру қажет. Пәтерді жөндеу жөніндегі келісімшар жасалуы керек. Келісімшартта (төмендегі көрсетілген бөлімдерді үлгіге ала отырып) талаптарды айқын сипатау жасаған жөн.
1. Жүргізілетін жұмыс түрі (бұл бөлім келісімшартқа
отырушы екінші жақтың жұмыс аяқталған соң келісілген жұмыс үшін қосымша
қаражат талап етпеуі үшін)
2. Келісімшартта жасалатын жұмыстың толық құнын немесе
түрлеріне қарай бөліп көрсетіңіз
3. Жұмыстың аяқталу уақытын және бітпеген жағдайдағы
айыппұл мөлшерін көрсетіңіз
4. Жөндеу жұмыстарына сатып алынған барлық материалдар
тізімін және құнын анықтыңыз
Әрдайым қадағалау жүргізу қажет. Себебі дер кезінде мамандардың біліктілігін, жұмысқа деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік береді.