Сәндік сылақ. Қабырғаларды безендірудегі кәсіби көзқарас
2015-06-04 16:00:00
1576
Бүгінде құрылыс гипермаркеттерінде әрлеу материалдарының алуан түрлерін кездестіреміз. Кез-келген адам өз талғамына және алатын затының құнына байланысты таңдау жасауға мүмкіндігі бар. Барлық құрылыс материалдарының ішінен «сәндік сылақ қоспаларын» ерекше атап өтуге болады. Олар қолданыста оңай және ыңғайлы, сонымен қоса қабырғалардағы тегіс емес аймақтарды жөндеуге және басқа да олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі.
Сылақ жүргізілген, дайын қабырғалар көз тартады және бұндай қабырғаларды жуу да аса қиын емес. Кең ауқымдағы түстер палитрасы мен сан түрлі текстуралар арманымыздағы интерьерді жасауға септігін тигізеді. Сәндік сылақ түрлерінің аса кең таралғандары: венециандық сылақ, құрылымдық сылақ және сәндік бояу. Қазіргі заманғы өнімдер алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Кез келген интерьер түрін бірегей және эксклюзивті етуге мүмкіндік жасайды. Осындай әрлеу түрі қызыл ағаш, мәрмәр, мата және басқа да материалдарды имитациялауға өте ыңғайлы.
Модерн, арт-деко және классикалық стильдерде сәндік сылақ мінсіз әдемі көрінеді. Оған қоса бұл материал кез келген жиһаз түрімен үйлесім табады.
Қандай таңдау жасау керек?
Сәндік сылақ түрлерінің кең ауқымдылығы көптеген сатып алушыларды шатастырады. Алайда, әртүрлі атаулар негізінен бір материалдың сорттары болып табылады. Сылақ түрлері беткі қабатына және қолдану технологиясына байланысты топтастырылады. Негізінен сәндік сылақ түрлерінің мынадай бірнеше түрлері белгілі:
Фактуралық сылақтар. Көбіне қалыптауды жасауға ыңғайлы, себебі ол ағаш қабығы немесе ескі қағаз әсерін береді.
Құрылымдық сылақтар әртүрлі материалдарға ұқсас әсер қалдыратын түйіршіктер түрінде сатылады (ағаш талшықтар , тастар, т.б.). Олар минералды немесе силикатты негізде шығарылады.
Венециандық сылақ – «Дворцовый» деп аталатын стильде жасалатын интерьерлерде қолданылатын өте сапалы материал. Ол классикалық қаптауға мінсіз болып табылады.
Қабырғалар мен төбелерге арналған сәндік бояу - қабырғалар мен төбелердің беткі қабаттарына өзіндік бедер салуға мүмкіндік беретін әрлеу материалы. Қолдануда оңайлығы арқасында дизайнерлер мен құрылысшылар арасында танымалдылыққа ие.
Фасад сылағы (ғимараттың сыртқы беті) сыртқы жұмыстар кезінде қолданылады. Оның құрамы ашық жерде қолдану үшін арнайы дайындалған. Ғимараттардың сыланған сыртқы қабырғалары ылғал өткізбейтін қасиетке ие, аязға төзімді және көгеріп кету қаупі төмен. Сылақ қоспалары қоймалжың, тұтқыр, пластмасса сияқты болады.
Құрылымдық сәндік қоспалар дайын күйінде консистенциясы бойынша бірдей емес, себебі, құрамында ұсақ болшектер өте көп болады: құм, гранит, слюда немесе басқа қоспалар. Құрамында әртүрлі қоспалар болғаны үшін осындай сылақ түрін құрылымдық сылақ деп атайды. Ал қабырғаларды сылаған кезде қоспалар арқасында ерекше бедерлер қалғандықтан олар сәндік сылақтар деген атауға ие болды.
Құрылымық сылақтар экологиялық тұрғыдан зиянсыз, температура өзгерісіне шыдамды және ұзақ уақыт ескірмейді. Сонымен қатар дайын қоспалар серпімділік қасиетке ие. Бұл қасиет бірегей дизайнерлік ойларды жүзеге асыруға көмектеседі. Тағы айта кететін жайт, құрылымдық сылақтардың бояулары оңып кетпейді, иілгіш. Қабырғалар қандай материалдан тұрғызылғаны маңызды емес. Сылақ жүргізер алдында дайындық жүмыстары дұрыс жүргізілсе, сылақ ұзаққа шыдайды.
Дайындық жұмыстары дегеніміз – қабырғаларды ескі сылақтан, әрлеу материалдарынан тазарту және арнайы тегістеу материалдарымен тегістеу. Сылақты қабырғаларға қалақшамен немесе бүріккіш көмегімен жағады. Содан кейін ғана арнайы құралдармен өңдеу арқылы керекті сипатқа келтіреді. Құрылыс нарығында барлық басқа материалдар арасында дәл осы сылақ материалдары ең ыңғайлысы болып табылады.
Сәндік сылақпен сыланған қабырғаларды ұнтақпен, сұйық тазалау құралымен, сабынмен немесе жай сумен тазалай беруге болады. Қабырғаның беткі қабаты зақымданбайды.
Қазіргі кезде сылақ қоспалары дайын күйінде пластик шелектерде сатылады. Әдетте, сатылымда ақ түсті қоспалар кездестіреміз, түстерін әртүрлі қылып өзгерту әркімнің өз еркінде. Сұйық бояу қосу арқылы өз қалауымызша түсін өзгерте беруімізге болады. Бағалары сылақ қоспасының құрамына қарай әртүрлі болады. Бірақ, бір нәрсені есте ұстау керек, арзан құрылымдық сылақтар қабырғаға нашар жағылады және сапасы төмен болады. Бұл жағдайда арзан бағаға жүгіру өте орынсыз.